19 августа в Шиелийском районе Кызылординской области состоится презентация программы гарантирования «Даму-Оптима»

Анонсы
16.08.2016

19 тамызда Шиеліде бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлерге арналған түсіндірме семинары өтеді. Қатысушыларға жаңа «Даму-Оптима» кепілдендіру бағдарламасына қатысу шарттары таныстырылады. Аталған бағдарлама аясында кепілдендіру құралы сауда, қызмет көрсету мен қоғамдық тамақтану сияқты салаларда жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Кәсіпкерлердің банктен несие алу барысындағы кепілдік жетіспеуі мәселесі, ендігі жерде «Даму-Оптима» бағдарламасының арқасында шешімін табатын болады.

Сонымен қатар, шара барысында «Даму» Қорының менеджерлері мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары мен «Startup «Bolashak» байқауына қатысу шарттарын түсіндіреді.

Жоғарыда аталған бағдарламалар туралы толық ақпарат пен қызықтырған сұрақтарыңызға жауапты семинарға қатысу барысында алуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Өтетін орны: Шиелі ауданы, Шиелі Кенті, «Нұр-Отан» партиясының ғимараты.

Өтетін күні мен уақыты: 19 тамыз, басталуы сағ.11:00-де.

Семинарға жазылу 8-(7242) 55 11 18, Электрондық адрес: damu@list.ru

арқылы жүзеге асырылады: