Задайте вопрос руководству Фонда «Даму»!

Анонсы
04.08.2016

Достар! Біз Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму қарқыны мен болашағына арналған онлайн-жоба бастаймыз. Барлығыңызды G-Global (http://goo.gl/KJ2oUH) ақпараттық коммуникативті алаңында өтетін пікір алмасуға шақырамыз.

Көкейіңізде жүрген сұрақтарды тікелей «Даму» Қорының басшыларына қоя аласыз. G-Global-дың осы айдағы бет тұлғасы – Қордың Басқарма төрағасы – Қаныш Тулеушин мен филиал, департамент директорлары сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді. Сол арқылы сіздер өз бизнесіңізді ашып, дамыту жолындағы мүмкіндіктеріңізді саралап, аяқтан тұрып кетуге не керек екенін біле аласыздар.

Ол үшін не істеу керек? http://goo.gl/KJ2oUH сілтемесі арқылы өтіп, толғандырған сұрағыңызды қоя аласыз. Тіркелу қажет емес.

Жақында біз Қор басшылары мен өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен бірқатар онлайн-бейнеоконференциялар өткізуді жоспарлап отырмыз. Тікелей эфирде Қазақстанның бизнес-қауымдастығының мәселелері мен бет алысы жөніндегі өзекті де өткір сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік бар.

«Даму» Қорының сайты мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен аностарды үзбей қарап отырыңыз! Сіздің белсенділігіңіз - біз үшін маңызды! http://goo.gl/KJ2oUH