info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Бизнес-фитнес! Прокачай свое дело! В Астане.

Анонсы
04.12.2017

Фитнестің адам денсаулығына қаншалықты пайдасы бар екенін, дене бітімін әсем де сымбатты етіп қалыпта ұстап тұратынын білесіздер. Сол сияқты, бизнесте де сәннен калмай, жаңа техника жайынан хабардар болып, қатардан қалмай журу керек.

Сіздерге ең үздік тәсілдер мен кәсіптеріңізді қайта жандандыруға көмектесетін Даму Қорының «Бизнес - Фитнес» атты арнайы жобасын ұсынамыз.

12 желтоқсанда Астана қаласындағы «Даму» қоры филиалының ғимаратында Лейла Абаевамен кездесуге келіңіздер. «Өз ісіңізді қалай ашуға болады» деген тақырыпта әңгіме өрбиді.

Лейла Абаева (LeilaAbayeva) – «УСПЕХ» (тігін өндірісі) компаниясының негізін салушы және басшысы. Бірінші рет нарыққа 2012 жылы шыққан, ал бүгінде жоғары технологиялы кәсіпорын иесі. Лейла бұдан басқа да бизнес-жобаларды жүзеге асыруда.

Кездесуде өз бизнесіңді қалай жаңадан құру керек және бұл үшін қандай дағдыларды дамыту керек екенін біле аласыздар.

14.30 сағат 12 желтоқсан айында Астана қаласы, Қажымұқан көш. 8А, 3 қабат мекен-жайында күтеміз:

Кездесуге арналған байланыс: Askar.Zhussupov@fund.kz
және тел. 8 775 535 61 94, 8 7172 55 94 34.