info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Начался прием заявок на обучение по компоненту «Обучение топ – менеджмента малого и среднего предпринимательства»

Анонсы
30.01.2018

Астана қаласында  «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша оқытуға өтініштерді қабылдауда

Құрметті Астана қаласының кәсіпкерлері! Сіздерді «Шағын және орта кәсіпкерлік  топ-менеджментін оқыту» жобасына  қатысуға шақырамыз.

Оқытудың мақсаты:

-    Табысты бизнесті  жүргізуге жаңа модельдерді енгізу;

-    Компанияның бәсекеге қабілеттілігін және тұрақты өсуін арттыру;

-    Шетелдік оқыту орталықтарын қатыстыра отырып, стратегиялық және тактикалық бизнес есептерді шешу.

Жобаға экономиканың басымдық танытатын секторларында әрекет етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорнындардың жоғары және орта буын басшылары қатыса алады.

Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту 3 кезеңнен тұрады:

-           30 қатысушыдан құралған топты (14 топ) аудиторияларда үш күндік күндізгі оқыту;

-           Онлайн-семинарлар (қазақстандық мамандардың қатысуымен);

-           Бизнес-жоспарды әзірлеу мен бағалау.

Компонент аяқталған соң қатысушыға Назарбаев Университетінің Дьюк Университетімен біріккен оқу курсын табысты бітіргендігі жөнінде сертификат беріледі.

Орындардың саны шектеулі. Қатысуға асығыңыздар!

Өтініш «Даму» Қорының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО-на) қабылданады. Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Қажымұқан көш. 8а. 1-қабат, тел. 559434, 559199, Zamzagul.Khamzina@fund.kz