info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Заявку на компенсацию вкладов в Жилстройсбербанке теперь можно подать в ЦОПе Павлодарской области

Анонсы
16.02.2016

Құрметті клиенттер!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ТҚЖ салымдары бойынша өтемақы төлеу рәсімін бастайды.

Банк және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мемлекеттік салалық органдармен бірлесе отырып, еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында Банктегі тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу тетігін әзірледі.

Өтемақы төлемі бюджет қаражаты және Банктің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Өтемақы төлеу, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын (бұдан әрі – ТҚЖ шарты) рәсімдеу және қызмет көрсету рәсімін жеңілдету мақсатында, Банк салымшыларға ТҚЖ шартының Жалпы талаптарына қосылу жолымен қызмет көрсетуге көшеді.

Өтемақы төлеу ТҚЖ шартының қосымша келісімін жасаған күні ақша қаражатының қалдығы болған жағдайда, Eркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын болады (бұдан әрі - Төлемақы төлеу тәртібі).

ТҚЖ шартының Қосымша келісімдерін жасау 2016 жылғы 8 ақпаннан бастап 2016 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде (қосымша келісім жасаудың/өтініштер қабылдаудың соңғы күні 2016 жылғы 31 мамыр) жүргізіледі.

Қосымша келісімге электронды үкіметтің egov.kz интернет порталында, Банктің сайтында электронды санды қолтаңбасы арқылы қол қоюға, сондай-ақ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы болады.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мекен жайы: Павлодар қаласы, Короленко 109-көшесі.

Қосымша сұрақтармен мына телефондар бойынша жауап алаласыздар : 87182)703 810