info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Таразе продолжается прием заявок на обучение по проекту «Обучение топ – менеджмента малого и среднего бизнеса»

Анонсы
18.02.2016

Құрметті Жамбыл облысының кәсіпкерлері! Сіздерді Бизнесті қолдау және дамыту «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Шағын орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасына қатысуға шақырамыз.

«ШОБ топ-менеджментін оқыту» жобасының мақсаты - табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізуге, қолданыстағы кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамытуға, стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешуг дағдыларын дамыту. Жоба шеңбрінде, топен 3 күндік бизнес – курстар өткізіледі. Оқу АОО «Назарбаев Университеті»-нің Жоғары менеджмент мектебінің базасында, Дьюк Университетінің (АҚШ) ұстаздарымен бірлесе өтеді.

Оқу жобасына экономиканың басым секторларында қызмет ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буындағы басшылары қатысушысы бола алады.

Жоба бойынша толық оқудан өтіп, сертификат алған кәсіпкерлер, өз кәсібінің бағыты бойынша шет елге (Германия) тәжрибе алмасуға және де іскерлік байланытар орнатуға мүмкіндік беретін «Іскерлік байланыстар» жобасына қатыса алады.

Бизнес-тренинг және стажировка қатысушыларға тегін өтеді.

Орындар саны шектеулі. Қатысуға асығыңыздар!

Өтінімдер, мына мекенжай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 94. Тел.:8 /7262/541-150, 999-470, 87079455027.