info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Кызылординской области продолжается прием заявок на проект «Обучение топ-менеджмента малого и среднего бизнеса»

Анонсы
19.02.2016

Құрметті Қызылорда облысының кәсіпкерлері! «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасына қатысу үшін өтінім беруге асығыңыздар.

Сіздердің жоба аясында жоғары бизнес мектебі «Назарбаев Университеті» базасында отандық және шетелдік бизнес-тренерлердің басшылығымен өтетін бірегей әрі тегін бизнес-тренингтерге қатысуға мүмкіндік бар.

Оқудың мақсаты:

  • Топ-менеджерлерге бизнесті құру мен жүргізудің жаңа модельдерін үйрету;
  • Бәсекелестікті арттыру, компанияның өміршеңдігі мен тұрақты өсімі;
  • Халықтың бизнесті жүргізудегі кәсіпкерлік дейгейін көтеру.

Компонентке қатысудың шарттары:

  • Компонентке экономиканың басым секторында қызмет ететін шағын және орта бизнес кәсіпорнының жоғары мен орта басшылығы қатыса алады;
  • Компонент қатысушылары өз бетінше оқытуға барып-қайту жол ақысын және тұрғын үй шығынын өтейді;
  • Қатысушылардың оқуға кететін шығындары республикалық бюджет тарапынан өтеледі.

Орындар шектеулі! Өтінім беріп үлгеріңіздер!

Толық ақпарат алу үшін және қатысуға өтінім беру үшін Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.Мекен - жайы: Қызылорда қ, Журба, 12, байланыс телефондары: 8(7242) 55-11-17, 55-11-18.