info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Кызылординской области стартует конкурс на получение грантов по Единой программе «ДКБ-2020»

Анонсы
26.02.2016

Құрметті Қызылорда обысының кәсіпкерлері!

Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірегей бағдарламасы» шеңберінде гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялайды.

Бұл конкурсқа бастауыш және жас кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және 50 жастан асқан кәсіпкерлер қатыса алады. (ЖШС немесе ЖК ретінде тіркелгеніне 3-жыл толмаған)

Үміткерлер өтінішті бекітілген үлгі бойынша және конкурстық құжаттар пакетін жеке өзі немесе почта және өзінің уәкілетті өкілі арқылы тапсыру керек.

Грант алуға ұсынылатын құжаттар:

  1. Егер ЖШС-гі болса заңды тұлғаның тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі, егер жеке кәсіпкер болса, ЖК-тің тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
  2. Салықтар, баждар, алымдар, бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы анықтама;
  3. Өтінім беру кезінде, өтініш берушінің қолымен және мөрімен расталған қызметкерлердің орташа саны туралы ақпарат;
  4. Бизнес жоспар;
  5. Кәсіпкерлер палатасымен оқытылған қысқа мерзімді «Бизнес-Кеңесші» оқыту курсын немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламалары арқылы оқыту курсын өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. Өкілінің сенімхаты; (қажет болған жағдайда)
  7. ЖШС-тер үшін жарғысының көшірмесі;
  8. Қызметі лицензиялауға жататын болса, лицензия көшірмесі;

Құжаттардың тізімін www.dkb2020.kz сайтынан көруге болады.

Өтініш мына мекен-жайға өткізіледі: Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Әйтеке би көшесі, №28 (3-ші қабат).

Конкурстық құжаттарды қабылдау уақыты – 2016 жылдың 01 және 16 наурыз аралығы, жұмыс кұндері.

Қосымша ақпарат алу үшін немесе құжаттар пакетін әзірлеуге тегін көмек алу үшін, Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарлассаңыз болады.

Байланыс телефоны: + 7 7242 55 11 18