info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Кызылорде 5 марта пройдет бесплатный семинар «Практический курс по работе на портале госзакупок»

Анонсы
29.02.2016

Даму Қорының Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 5 наурыз күні бастауыш кәсіпкерлерге арналған «Мемлекеттік саттып алу порталында жұмыс жасаудың практикалық курсы» тақырыбында кезекті тегін семинар ұйымдастырылуда.

«Мемлекеттік саттып алу порталында жұмыс жасаудың практикалық курсы» тегін семинары аясында мемлекеттік сатып алу порталында практикалық жұмыс жасау қарастырылатын болады.

Оқыту семинарын біліктілік деңгейі жоғары әрі практикалық тәжірибесі мол «Балара» Коворкинг орталығының директоры Кулетов Жанибек өткізеді.

Семинар бағдарламасы:

  1. www.egov.kz порталында ЭЦК алу. ЭЦК компьютерге орнату. JAVA бағдарламасы. JAVA бағдарламасына ЭЦП орнату. Мемлекеттік сатып алумен жұмыс жасауға қажетті қосымша бағдарламаларды орнату.
  2. www.goszakup.gov.kz порталында тіркелу. Порталға сипаттама. Порталда жұмыс жасау.
    Сонымен қатар қарастырылатын тақырыптар: Сатып алуды жоспарлау. Сатып алу жолдары. Сатып алуға қатысу. Қиын мәселелер мен олардың шешімі.

Өткізілу мекен-жайы: Қызылорда қ, И.Журба көшесі 12 үй, КҚКО конференц-залы.

Өткізілу күні мен уақыты: 5 наурыз, сағат 10:00.

Толық ақпарат алу немесе семинарға қатысуға өтiніш беру үшін мына телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8-(7242) 55 11 18, 8 702 459 89 80. Электрондық адрес: damu@list.ru.