info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

3 марта в Кызылорде пройдет семинар «Внедрение систем менеджмента на предприятиях»

Анонсы
29.02.2016

Даму Қорының Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 03 наурыз күні бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлерге арналған «Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбында кезекті тегін семинар ұйымдастырылуда.

Семинар бағдарламасы өндіріс және қызмет көрсету саласында жұмыс жасайтын бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер үшін арнайы жасалды. Іс-шараның мақсаты аймақта стандарттау мен сертификаттау жүйесін енгізе отырып, жаңадан ашылған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артуына және менеджмент жүйесін енгізген жергілікті кәсіпорындардың көбеюіне ықпал ету болып табылады.

Бизнес-тренер: Шарапат Гүлназ - РМК "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының аймақтық филиал директоры.

Семинар бөлімдері:

  • Экологиялық менеджмент жүйесін қолданудың нұсқаулары мен талаптары;
  • ISO 14001:2015 стандартының кеңейтілген талаптары мен өзгертулер;
  • ISO 22004:2014 «Тағам өнімдері қауіпсізділігінің менеджмент жүйесі»;
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарға сапа менеджменті жүйесін енгізу жолдары.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі 12, КҚКО ғимараты, конференц-зал.

Өткізілетін күні мен уақыты: 3 наурыз, сағат 10:00.

Толық ақпарат алу немесе семинарға қатысуға өтiніш беру үшін мына телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8-(7242) 55 11 18, 8 702 459 89 80. Электрондық адрес: damu@list.ru.