info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

С 4 апреля в ЦОПе Петропавловска пройдут 3-х дневные бизнес-тренинги для молодежи «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
18.03.2016

4-6 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысының «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге Қызмет Көрсету орталығында «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» жобасы аясында кәсібі бар және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған тренинг-семинар өтеді.

Шараның мақсаты: Өз бизнесін құру және кәсіпкерлік қызметін жүргізу барысындағы кәсібі бар және ісін жаңа бастаған жандардың білімі мен біліктілігін көтеру.

Жоба аясында оқуға қатысушыларға Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету орталығы мамандары тәжірибе-кеңестік қолдау көрсетеді:

Бизнес-жоспар құру бойынша жәрдем және бизнес жобаны жүргізу

Кәсіпкерлік субъект ретінде тіркелуге көмек көрсету

«Даму» Қорының құралдары арқылы қаржылық қолдау алу үшін құжаттарды жинауға көмек көрсету

Тәжірибелі бизнес өкілдерінің жетекшілігі.

Өткізілу орны: Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 191, «Даму» Қорының КҚКО ғимаратында, бірінші қабат, оқыту сыныбында.

Шеберлік сабағы сағат 15-00-ден 17-00 дейін өтеді.

Тіркелу үшін bm.ppv@mail.ruэл. поштаға өтінім жіберу қажет

немесе 8(7152) 55-98-10 телефонына хабарласыңыз

байланыс телефондары: 8(7152) 55-98-10, 8 701 432 20 46.