info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Североказахстанский филиал Фонда «Даму» приглашает предпринимателей принять участие в национальной выставке «Сделано в Казахстане»

Анонсы
29.03.2016

ұрметті кәсіпкерлер!!!

2016 жылдың 06-08 мамыр аралығында Астана қаласында «Қазақстанда жасалған» Ұлттық көрмесі өтеді. Көрмеде мемлекеттік қолдауға ие болған отандық компаниялардың өнімдері мен қызметтерін ұсынып, еліміздегі ШОБ дамуының нақты деңгейін көрсету жоспарланып отыр. Сонымен көрме Сіздерге тапсырыс берушілер мен сатып алушыларды табуға көмектеседі.

Көрменің ұйымдастырушысы «Даму» Қоры.

Өткізілетін орны: «Көрме» көрме орталығы, Астана қ., Достық к., 3. Кәсіпкерлер үшін көрмеге қатысу - тегін. Ұйымдастырушылар есебінен көлемі 6 ш.м. - 20 ш.м. 1 көрмелік бұрыш ұсынылады, сонымен қатар, кәсіпкер туралы ақпарат көрме каталогына енгізіледі.

Көрмеде Қазақстанның барлық өңірлерінен келетін 350 компания болады. Оның ішінде 30 компания СҚО атынан қатысады.

Орындар саны шектеулі. Өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмай, көрмеге СҚО атынан қатысыңыздар!

Толығырақ ақпарат: Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев к 191, КҚКО, «Даму» Қоры, тел: 55-98-11, 55-98-10.