info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

30 марта в Актау пройдет семинар для начинающих предпринимателей «Стартап-бизнес»

Анонсы
29.03.2016

Құрметті Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының кәсіпкерлері! Ақтау қаласындағы Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығында «Старт-ап бизнес» тақырыбында шеберлік сабақтары өткізілетін болады.

Шеберлік сабақтарына қатысушылар өз бизнесін құру кезеңдері мен несиелендіру құрылымдары туралы біле алады. Оқыту барысында қатысушыларға кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар таныстырылады. Шеберлік сабағына келгендер ШОБ дамыту үшін екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін жеңілдетілген несиелер туралы ақпарат алады.

Өтетін орын: «Даму» Қоры Ақтау қаласы, 16 ш-а, №24 ғимарат, 1 қабат.

Уақыты: 30 наурыз, 15:00.

Сұрақтар қойып, шеберлік-сабағына жазылу үшін КҚКО мамандарына: 8 (7292) 70-10-51 ішкі:3723, 8 707 321 60 46 телефондары немесе www.damu.kz. сайты арқылы байланыса аласыздар.