info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Акмолинской области продолжается прием заявок на обучение в рамках проекта «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
30.03.2016

Сіздің болашағы зор бизнес идеяңыз болса, бірақ бұл салада біліміңіз бен тәжірибеңіз жеткіліксіз бе? Онда «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы сіздің идеяңызды соңына дейін өңдеп, жеке бизнесті жүзеге асыруға көмектеседі. Семинарды тәжірибелі бизнес-жаттықтырушы Светлана Громова өткізеді.

Оқуға 8 жастан асқан, ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер қатыса алады. Өтініштер 4 сәуір күніне дейін қабылданады.

Кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өткендігі туралы қортынды мен сертификатты алған соң тыңдаушылар дайын бизнес-жоспарларымен старт-ап жобалар байқауына қатыса алады.

Конкурстың жеңімпазы болып ең көп балл алған стартап-жоба аталады. Жоба иесі өз бизнесін құру, кәсіпкерлік қызметін нәтижелі ұйымдастыру мен басқару бойынша білім мен дағдының деңгейін көтеруге бағытталған тәжірибелік онлайн/оффлайн оқытудан өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша Көкшетау қ., Ақан Сері көш., 46А/1 үй мекен жайына немесе 8(7162) 55 11 18, 55 11 19 телефондары арқылы хабарласа аласыз.