info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Восточно-Казахстанский филиал Фонда «Даму» приглашает предпринимателей принять участие в национальной выставке «Сделано в Казахстане»

Анонсы
30.03.2016

Құрметті кәсіпкерлер! 2016 жылдың 6-8 мамыр күндері аралығында Астана қаласында «Қазақстанда жасалған» Ұлттық көрмесі өтеді. Көрме отандық компаниялар өнімі мен қызметтерін және елдегі ШОБ дамуының нақты деңгейін көрсетуді көздейді. Солайша, көрме Сізге тапсырыс берушілер мен сатып алушыларды табуға мүмкіндік береді.

Көрме ұйымдастырушысы – «Даму» Қоры.

Өтетін орны: Астана қ., Достық к., 3. «Көрме» Орталығы.

Кәсіпкерлер үшін көрмеге қатысу тегін. Ұйымдастырушылар есебінен қатысушыларға көлемі 6 ш.м. бастап 20 ш.м. дейін 1 көрме стенді, сонымен қатар, көрме топтамасына кәсіпкер туралы ақпарат енгізу ұсынылады.

Орындар саны шектеулі. Мүмкіндікті өткізіп алмаңыз, Шығыс Қазақстан облысынан көрмеге қатысыңыз!

Толығырақ ақпарат алу және көрмеге қатысуға өтініш беру үшін келесі мекен-жай бойынша жүгінуіңізді сұраймыз: Өскемен қ., Жеңіс даңғылы, 6, Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету Орталығы, 1 қабат, сағат 09.00 бастап 18.00 дейін, анықтама телефоны: 8(7232) 560-590.