info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Атырау пройдет бесплатный семинар о социальном предпринимательстве и участии в проекте «Жаркыра»

Анонсы
05.04.2016

Құрметті Атырау облысының кәсіпкерлері! Сіз қайырымдылыққа жаныңыз жақын әрі қоршаған әлемді жақсы жаққа өзгерткіңіз келе ме? Сізде біздің қоғамның ескі мәселелерінің жаңа шешімі бар ма? Сіз өз қалаңызды жақсы көресіз және оны одан сайын жақсартқыңыз келе ме?

Орталық Азия Еуразия Қоры 2016-2017 жылдарға Атырау облысы және қаласында «Жарқыра» (ӘК) әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының басталғанын жариялайды. Бағдарлама «Тенгизшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен әлеуметтік инвестициялық жобалар желісі бойынша жүзеге асырылады.

«Жарқыра» жобасында ӘК қолдаудың бар циклі қарастырылған. Өтініштерді іріктеу, оқыту, байқау және жобаларды қаржыландыру, тәлімгерлік. Егер сіз кәнігі бизнесмен болсаңыз және де ісін жаңа бастағандармен өз тәжірибеңізбен бөлісуге дайын болсаңыз, сізді жобаның ТӘЛІМГЕРІ болуға шақырамыз.

Семинарда сізге: бизнес-идея мен шикізат табудың жеті тәсілін, қалай өз идеяңызды бизнес-өтініш қылып рәсімдеуді, әлеуметтік бизнесті дамытуға 3,5 млн теңге қалай алуға болатынын айтады.

Семинарлар Атырау қаласында (11-13 сәуір 2016 жыл), Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-де, «Жайық» спорткомплексінде өтеді. 1 топ - 14:00 ден 18:00 ге дейін. 2 топ – 18:00 ден 22:00ге дейін.

Құлсары қаласында (14-15 сәуір 2016 жыл), Мұнайшылар мәдениет үйі. 1 топ – 14:00 ден 18:00ге дейін. 2 топ – 18:00ден 22:00ге дейін.

Семинарға жазылу сұрақтары бойынша 8/701/691 53 47 немесе e-mail sp2016@ef-ca.org хабарласа аласыздар.

Немесе «Даму» Қорының Атыраудағы филиалы бойынша құзіретті арттыру бағдарламаларының бас менеджері Роза Байсалиховамен (Атырау қаласы, Азаттық даңғылы,17. Тел.: 8/7122/558 101, 558 091) хабарласуға болады.