7-8 апреля для начинающих предпринимателей в ЦОПе Фонда «Даму» г. Шымкент пройдет двухдневный семинар-тренинг в рамках Проекта для начинающих бизнесменов

Анонсы
06.04.2016

Сіз Оңтүстік Қазақстан облысында тұрсаңыз және сіздің жасыңыз 18 жас немесе одан асса және сізде керемет бизнес-идея бар! Бірақ бизнесті қалай және неден бастарыңызды білмейсіз.

Олай болса сізді Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының КҚКО өтетін іс бастаушы кәсіпкерлерге арналған семинар-тренинг оқуына шақырамыз.

Тренинг бағдарламасы болашақ кәсіпкерлерге өзінің бизнесі үшін идея таңдауға, идеяның «өміршеңдігін» бағалауға, бизнес бастауға және дамытуға дайындалуға және өз бетінше бизнес-жоспар дайындауға көмектесу үшін жасалған. Тренингтер бағдарламасында аса белсенді тәжірибелік жаттығулар, бизнес-кейстер және іскерлік ойындардың көп түрлері бар.

Тренинг нәтижесі бойынша қатысушыларда кәсіпкерлік туралы толық көрініс қалыптасады, бизнес жайы ойы толығады, мақсатқа жетуге өзін-өзі итермелеу дәрежесіне жетеді, бизнес-жоспарды өз бетінше құруға дағдыланады.

Оқу соңында әрі қарай Тәлімгерлермен жұмыс істеу үшін және олардың жобаларын әрі қарай дамытып, жүзеге асыру үшін үздік 4 бизнес-жоспар іріктеліп алынады.

Өтетін уақыты: 07-08 сәуір 2016ж.;

Біздің мекен-жайымыз: Шымкент қ., «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы,

Рысқұлов 8 А к-сі, «Наурыз» аялдамасы.

Басталуы: сағат 09.00.-17.00 дейін.

Семинарға «Даму» Қорының КҚКО-ға өтініш бергендер ғана қатыса алады.

Қосымша ақпараттар: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57 тел. бойынша