В Акмолинской области начался прием заявок на участие в конкурсе на грантовое финансирование

Анонсы
12.06.2016

Байқауды ұйымдастырушы: Ақмола облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.

Орналасқан жері: Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Көкшетау қаласы, Абай көш. 89.

Ақмола облысы аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының кәсіпкерлік саласында жергілікті атқарушы органдар (кәсіпкерлік бөлімдер).

пошталық мекенжайы: 02000, Көкшетау қаласы, Абай көш. 89;

электрондық пошта мекенжайы: www.upp.akmol.kz;

байланыс телефоны: 8 (7162) 40-15-93.

Байқау нысаны: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Байқау құжаттарын ұсыну мерзімі: 2016 ж. «11» мамырдан бастап 2016 ж. «10» маусым аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдер қабылдау 2016 ж. 10 маусым сағат 13.00-де аяқталады (жергілікті уақытпен).

Байқауға қатысу үшін үміткерлер бекітілген формадағы өтінімді және байқау құжаттарының толық жиынтығын көрсетілген мекен-жайға, поштаға немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы ұсынады.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Хабарландыру және конкурс құжаттарымен www.upp.akmol.kz сайтында танысуға болады.