В ЦОПе г. Тараз продолжается прием заявок на участие в проекте «Обучение топ–менеджмента малого и среднего бизнеса» на базе АОО «Назарбаев Университет»

Анонсы
16.05.2016

Құрметті Жамбыл облысының кәсіпкерлері! Сіздерді Бизнесті қолдау және дамыту «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Шағын орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасына қатысуға шақырамыз.

«ШОБ топ-менеджментін оқыту» жобасының мақсаты - табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізуге, қолданыстағы кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамытуға, стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешу дағдыларын дамыту. Жоба шеңберінде топпен 3 күндік бизнес–курстар өткізіледі. Оқу «Назарбаев Университеті» Жоғары менеджмент мектебінің базасында, Дьюк Университетінің (АҚШ) ұстаздарымен бірлесе өтеді.

Оқу жобасына экономиканың басым секторларында қызмет ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буындағы басшылары қатыса алады.

Жоба бойынша толық оқудан өтіп, сертификат алған кәсіпкерлер өз кәсібінің бағыты бойынша шет елге (Германия) тәжірибе алмасуға және де іскерлік байланытар орнатуға мүмкіндік беретін «Іскерлік байланыстар» жобасына қатыса алады.

Бизнес-тренинг және тағылымдама тегін өтеді.

Орындар саны шектеулі. Қатысуға асығыңыздар!

Өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 94. Тел.:8 /7262/541-150, 999-470, 87079455027.