26 мая в Алматы пройдет бизнес-коучинг для предпринимателей «Как создать работающую бизнес-идею»

Анонсы
23.05.2016

26 мамыр күні кәсіпкерлерге арналып «Өміршең бизнес-идея қалай туады» тақырыбында бизнес коучинг өтеді.

Бизнес коучингті сертифицикаты бар стратегиялық бизнес-коуч (SCAI/IAC), жеке тиімділік тренері, «Жеке тиімділік және жетістік стратегиясы шеберханасы» атты бизнес-жобаның негізін қалаушы, іскерлік әкімгерлік магистрі (MBA), ұжымдық басқару жөніндегі сертифицикатты кәсіпқой маман (CCGP), 15 жылдық басқару тәжірибесі бар Кириллова Анастасия Владимировна өткізеді.

Коучинг аясында бизнес-идеяның 5 қадамы қарастырылады. Атап айтқанда:

  • Жеке тәжірибе. Бизнес әлде ермек? Өз ісіңнің іргетасы неден тұрады.
  • Сұранысты іздейміз бе әлде қалыптастырамыз ба? Мақсатты аудиторияға сіздің идеяңыз несімен құнды
  • Ресурстар картасы – сіздің сақтандыру полисіңіз. Бизнеске деген жақыннан көзқарас
  • Бизнес идеяны мақсатқа айналдырамыз. Дұрыс мақсаттың 5 талабы = 80% жетістік
  • «Қауіпсіздік техникасы». Бизнесті тосын жағдайсыз бастау

Сондай-ақ өмірде қажет болады деген 5 қарапайым құрал:

Тепе-теңдік

  • SWOT
  • SMART
  • GROW
  • Логикалық деңгей пирамидасы

Бизнес коучинг тегін өтеді.

Өтетін күні: 26 мамыр 2016ж.

Уақыты: 10.00 - 13.00.

Мекен-жай: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 111. «Даму» қорының ғимараты, 1-қабат.