В ЦОПе Фонда «Даму» принимаются заявки от студенческой молодежи на обучающие тренинги по ведению бизнеса

Анонсы
23.05.2016

Жоба мақсаты 18-ден 29 жас аралығындағы жоғары және арнайы оқу мекемелерінің студент жастарының кәсіпкерлік әлеуетін ашуға ықпал ету.

Тренинг бағдарламасы жастарға өз бизнесіне идея таңдауға, идеяның «өміршеңдігін» бағалауға, бизнес құруға және дамытуға дайындалуға және өз бетінше бизнес-жоспар жасауға көмектесу мақсатын көздейді. Тренинг бағдарламалары үлкен көлемді интер белсенді тәжірибелік жаттығуларға, бизнес-кейстерге және іскерлік ойындарға толы.

Тренинг соңында қатысушыларда кәсіпкерлік туралы толық көрініс қалыптасады, бизнесте ойлау қабілеті дамиды, мақсатқа жетуде өзіндік әсер ету дәрежесін ұғынады, өз бетінше бизнес-жоспар құруға дағдыланады.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында жобаны тиімді жүзеге асыру мақсатында «Даму» Қорының ОҚО бойынша АФ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен (Шымкент қ.), Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетімен (Түркістан қ.) және Мирас Университетімен (Шымкент қ.) өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Өтініш тапсыру мерзімі: 20.05.2016 ж. Бастап.

Біздің мекен-жайымыз: Шымкент қ., «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Рысқұлова к-сі, 8 А, «Наурыз» аялдамасы.

Назарларыңызға, «Даму» Қорының КҚКО-ға өтініш бергендер ғана қатыса алады.

Қосымша ақпарат мына тел. бойынша: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57