25-27 мая в Шымкенте и Туркестане пройдут презентации новых программ Фонда «Даму»

Анонсы
23.05.2016

Сіздерді Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылып жатқан «Даму» Қорының жаңа бағдарламалары – сіздің бизнесіңіз үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы тұсаукесерге шақырамыз.

Шымкент және Түркістан қалаларындағы «Даму» Қорының КҚКО-да 25-27 мамыр аралығында «Даму» Қорының барлық жаңа бағдарламалары бойынша таныстырылымдар өткізіледі.

Кездесу барысында Сіздерге КҚКО кеңес берушілері жеке таныстырылымдар ұсынады және Сіздің жобаңызды несиелендіруге тиімді шарттарды айқындап береді. Кездесуде Сіздер қолдаудың келесідей бағдарламалары мен құралдары туралы білетін боласыздар:

1) Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, салалық шектеусіз айналым қаражаттарын толықтыруға;
2) мүліктік кепілдендіру жетпеген жағдайда несиелерді кепілдендіру және Egov.kz порталы арқылы;
3) «Даму – Франчайзинг» Бағдарламасы;
4) «Даму – Факторинг» Бағдарламасы;

Біздің мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Рысқұлов к-сі 8А (Наурыз аялдамасы), Түркістан қаласы, Қожанов к-сі 7. тел: 87252997049, 57