«Даму» қоры үшін ЕҚДБ ме KODIT өткізген несиеге кепілдік берудің халықаралық тәжірибесі жайлы семинар

Жаңалықтар
05.07.2024

2024 жылғы 3 шілдеде Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Korea Credit Guarantee Fund (KODIT) ЕҚДБ-дан техникалық көмек көрсету аясында «Даму» Қоры үшін ұйымдастырған несиеге кепілдік берудің халықаралық тәжірибесі жайлы семинар өтті.

Бағдарламаның бірінші бөлігінде KODIT (Корея Республикасы) және Kredi Garanti Fonu (Түркия республикасы) сияқты жетекші халықаралық кепілдік қорларының өкілдері «Даму» Қорының қызметкерлеріне өздерінің тәуекелдерді басқару жүйелері мен кепілдік жарналар саясаты туралы айтып берді, сондай-ақ басқа елдердің тәжірибесін ұсынды. Талқылау барысында KODIT «Даму» қорының қызметіне осы тәжірибелерді енгізу бойынша ұсыныстар берді.

Бағдарламаның екінші бөлімінде дөңгелек үстел өтті, онда Қазақстанның экономикалық ортасына сәйкес келетін кепілдік беру құралдарын жақсарту мәселелері, сондай-ақ Қордың қазіргі құралдарына диагностикалық шолу бойынша қорытындылар талқыланды.

Іс-шараға Қордың шақыруы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Бәйтерек» холдингінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, сондай-ақ Қормен серіктес банк өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел семинарға барша қатысушылар үшін нәтижелі диалог алаңына айналды. Қазақстанның қаржы секторының өкілдері өз тарапынан және ШОБ субъектілерінен кепілдік беру құралының жоғары сұранысқа ие екендігін атап өтіп, ЕҚДБ, KODIT және KGF тұлғасында қордың халықаралық әріптестерінен ұсынылған ақпарат негізінде оны одан әрі дамыту жолдарын ұсынды.