«Мейірманов» ЖК сапа кепілдігі жоғары өнім шығарады

Жаңалықтар
26.07.2024

Атыраулық кәсіпкер Мұрат Мейірманов пластик және алюминий есік- терезе, витраж шығарып, құрастырып, орнатумен айналысады.

«Профиль – терезе мен жақтау жапқыштары жасалатын бүкіл құрылымның негізі. Олар терезенің сыртқы түрін ғана емес, оның беріктігіне де әсер етеді. Металл-пластик терезелердегі профиль жүйелердің мүмкіндіктері мол. Клиенттердің тілегіне қарай есік-терезелерді ғимараттардың, үй-жайлардың кез-келген түріне арнап, алуан пішін, өлшеммен, түрлі ашу әдістері бар етіп, ерекше стильде жасап бере аламыз. Пластик терезелердің артықшылығы көп. Ұзаққа шыдайды, қосымша әрлеуді қажет етпейді, дыбыс, жылу өткізбейді, тығыз жабылады», - дейді компания басшысы Мұрат Мейрманов.

Қазір жоғары кәсібиліктің арқасында «Мейірманов» ЖК компаниясы Атырау облысының құрылыс және басқа да ұйымдары мен жеке тұлғалары үшін сапалы өндіруші ретінде танылған, клиенттері өте көп.

Өндірісті кеңейту керек болғанда кәсіпкер «Банк Центр Кредиттен» жылына 19,75%-бен несие алды. Оның «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясындағы мемлекет субсидиялайтын бөлігі 11,75%. Ал 8%-дық айырманы кәсіпкер төлейді. Қор несие сомасының 41%-ына кепілдік берді.

Атырау қаласы, Б.Майлин көшесі, 81

Инстаграм: @Masterwin.kz