«KAZ GREEN ENERGY» ЖШС елді тұрақты энергетикаға жетелейді

Жаңалықтар
26.07.2024

«KAZ GREEN ENERGY» ЖШС – Қазақстандағы күн энергетикасы саласында алғашқы сүрлеу салған компания. Оның күн қуатын пайдаланудағы ірі жобалары қатарында: қуаты 50 МВт болатын Балқаш СЭС, қуаты 10 МВт-тік Кеңгір СЭС-і бар. Бұл электр станциялары энергия өндіру үшін «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС шығаратын жоғары тиімді күн панельдерін пайдаланады. 

«KAZ GREEN ENERGY» ЖШС күн электр станциялары булы гасыз таза энергия өндіреді, қоршаған ортаға зияны жоқ және ауа-райы өзгерістерімен күреседі. Олар қазба отынының эквивалентті қуатымен салыстырғанда атмосфераға миллиондаған тонна көмірқышқыл газы таралмауына сеп болады. 

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында кәсіпорын 2022 жылы Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында қуаты 5 МВТ биоэлектростанция салу үшін «Қазақстан Халық Банкінен» жеңіл несие алды. 

Күн энергиясына салынған инвестиция планетаны қорғап қана қоймай, экономикалық жағынан пайдалы да. «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС тұтынушыларға электр энергиясы үшін қаржы үнемдеуге көмектесе отырып, қолайлы бағамен жаңартылатын энергияны тұрақты жеткізе алады. «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС Қазақстан мен барлық әлем үшін таза әрі жарқын болашаққа жол ашады. 

Қарағанды қаласы, Қарағанды облысы, Абай көшесі 16/2

тел: +7(7212) 99-67-39, 99-67-40, +7089073236

эл. пошта: info@kge.kz

сайт https://kge.kz/