Ұлытауда мемлекеттің қолдауымен «Еnbek Arena» жабық футбол алаңы ашылды

Жаңалықтар
18.10.2024

Ерғазы Күрпеқұлов 2018 жылдың мамыр айынан бастап бизнесмен. Кәсібін Ұлытау облысында мейрамхана ашып, тамақ жеткізіп беру қызметтерінен бастады. Қазір оның екі қалада мейрамханасы бар.

Ерғазының қолы боста айналысатын хоббиі – футбол. Жанкүйер және «Көкжал» футбол командасының демеушісі. Осы сүйіспеншілігі «Еnbek Arena» жабық футбол алаңын салуға итермеледі. Өңірде футбол алаңдарына сұраныс жоғары. Жабық футбол алаңдары жылдың, күннің немесе кез келген уақыт, күн райында жарыс, спорттық іс-шаралар мен жаттығу өткізуге мүмкіндік береді. Олар кез келген аймақтың климатына жарамды және жылу мен аяздан бірдей жақсы қорғайды.

Өңірдегі футболды дамытудағы маңызды құжатқа Жезқазғанда Ұлытау облысының әкімі мен Қазақстан футбол федерациясының президенті қол қойды. Меморандумның басты мақсаты – Ұлытау облысында футболды қолдау және дамыту. Сондай-ақ тараптар бұқаралық футбол бойынша бірлескен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр . Облыс әкімі кездесуде облыстық футбол федерациясын ашу, балалар футбол орталығы мен кәсіби клуб құру жоспарланып отырғанын айтты.

Кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» жабық футбол алаңын салу үшін 21,75%-бен несие алды. Жобаны «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдап, мұнда мөлшерлемені 7%-ға дейін төмендетті.

Жабық футбол алаңының құрылысы 2023 жылдың қыркүйегінде басталды. Жабық футбол алаңына арналған ангар қаңқалы-тентті конструкциядан тұрғызылды, футбол алаңына көгал төселді. Құрылыс және монтаждау жұмыстары сапалы материалдармен жүргізілді. Екі айдың ішінде барлық құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды, ал 2023 жылдың 29 қарашасында «Еnbek Arena» жабық футбол алаңы ашылды.

Қазір кәсіпкер мұнда 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ күнделікті 150 жасөспірім дайындалады, ал кешкі уақытта алаңды ересектер жалға алады.

Жезқазған қаласы, Жанасов көшесі, 1в/1

Тел: +7 777 611 35 84

Instagram: @enbek_arena23