Өмірханқызы Жібек Жезқазған қаласында дүниеге келген, қазір де сонда тұрады. Ол бала кезінен сурет салып, сурет байқауларына қатысатын. Оның өнерге деген ынтасы кездейсоқтық емес, өйткені Жібектің әкесі Қазақстан Республикасына танымал суретші, сонымен қатар университетте 30 жылдан астам сабақ беретін оқытушы. Жібек «сызу және сурет салу мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алып, университеттен кейін оқу орындарында сызу және сурет салу мұғалімі болып жұмыс істеді. Оған қоса, ол киім саудасы саласында отбасылық бизнеспен айналысқан. Сонымен қатар психолог мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсті.
Жібек тұрмысқа шығып, күйеуімен екі бала тәрбиелеп отыр. Бала күтімі демалысы кезінде ол үйде бизнеспен айналысуға шешім қабылдайды, инстаграм желісінде арт-терапия бойынша шеберлік сабағына арналған жарнаманы іске қосады, сондай-ақ үйде гипстен жинақ сандықша жасап, тапсырыс бойынша сурет салады. Осы кезеңде Жезқазғанда жас кәсіпкерлер арасында грант байқауы өтіп, Жібек қала әкімінің грантын жеңіп алды. Бұл ақшаға керамикалық дөңгелектер сатып алып, балалар мен ересектерге арналған өнер мектебіне үй-жайды жалға алуды шешеді. Онда ол: арт-терапия, қыш жасау өнері, сызу, сурет салу, мүсін салу және т.б үйретеді.
Шығармашылықпен айналысу бала үшін пайдалы екені белгілі, олар оның зияткерлігін арттырады, есте сақтау мен ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Сондықтан, орта мектептен басқа, көптеген ата-аналар үшін қазіргі уақытта баласын шығармашылық сабақтарға тарту маңызды. Қалада Жібек күткеннен де шығармашыл балалар көп болды. Балалардың туындылары облыстағы көрмелерге қойылады, Ұлытау облысының бірде-бір көрмесі Өнер академияның қатысуысыз өтпейді.Академияның кішкентай суретшілері байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Ұлыбританияның халықаралық таланттар байқауында академия суретшілері София мен Аврора 1-ші және 2-ші орындарға ие болды.
2024 жылдың басында «Атамекен», «Банк Центр Кредит» және «Даму» қорымен бірлесіп, Жезқазған қаласының кәсіпкерлерімен іскерлік кездесу өтті. Онда Жібек «Даму» Қорының бағдарламаларымен егжей-тегжейлі танысып, кеңескеннен кейін коммерциялық үй-жай сатып алу және өнер мектебін кеңейту туралы өтінішпен дереу Банк Центр Кредитке жүгінеді. Бірақ ол Қор оның жобасын қолдайтынына толық сенбеді.
Нәтижесінде жоба қолдау тауып, «Бірлескен бұйрық шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау» бағдарламасы («ШОК қолдау» бағыты) бойынша несие берілді, онда соңғы қарыз алушы үшін мөлшерлеме 19,75% -дан 9% -ға дейін төмендетілді, ал айырмашылықты «Даму» қоры арқылы мемлекет субсидиялайды.
Жібек алынған қаражатқа үй-жай сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі таңда аталған ұйымда Жібектен басқа 3 қызметкер жұмыс істейді. Ал мектепке айына 20-30 бала барады. Сондай-ақ, қыш жасау өнеріне ересектер, академиялық жұмысты дайындауға студенттер де келеді. Болашақта Жібек Ұлытау облысы бойынша филиалдар ашып, өңірде өнерді дамытуды жоспарлап отыр.
Өнер академиясында көптеген жарқын жұмыстар бар, мектептің атмосферасы сізді өнердің түрлі-түсті әлеміне сіңіреді!
Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 87 үй
Тел: +7‒707‒493‒45‒53
Instagram: @oner_academia_zhezkazgan