menu
Жабу

Атырауда отандық өндіріс дамып келеді

Жаңалықтар
06.11.2024

Құс шаруашылығы ауыл шаруашылығының елімізде қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі.

2024 жылы «K&M Trading» ЖШС компаниясы Атырау қаласында жұмыртқа шығаратын жалғыз құс фабрикасын сатып алып, іске қосты. Бұл Атырау облысы халқының сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кәсіпорында білікті қызметкерлер үшін 70 жұмыс орны ашылды.

IMG-20241030-WA00172.jpg

Тауық жұмыртқаларын өндіретін құс фабрикасының өндірістік циклі жұмыртқа салатын тауықтардың балапандарын өсіруден басталып, дайын өнімді буып-түюмен аяқталады.

Кәсіпорын 100 млн дана тауық жұмыртқасына дейін шығарады. Жұмыртқа басатын тауықтар санын 200 мыңнан 340 мың басқа дейін көбейту жоспарланған. Азық қоспаларын өндіру үшін астық және минерал ингредиенттер көрші облыстардың жетекші компанияларынан сатып алынады.

Дайын өнім Атырау облысының аумағында «Дәулет-нан» меншікті фирмалық дүкендер желісі арқылы сатылады. Қала бойынша 50-ден астам дүкен, облыс аудандарында 20 дүкенде бар.

«Өнім көлемін ұлғайту мақсатында компания жыл сайын өндірістік қуатын ұлғайтуға, аралас салалармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті, бұл компания нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді», - дейді компания басшысы Аман Балапашев

Құс фабрикасын сатып алу бойынша «K&M Trading» ЖШС жобасын «Еуразиялық банк» АҚ «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында қолдады. Компания үшін пайыздық мөлшерлеме Қордың қолдауымен 7%-ға дейін төмендетілді. 

Мекен жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 48

Телефон: +77122950001