menu
Жабу

Alanda Clinic: сіздің денсаулығыңыздың сенімді серіктесі

Жаңалықтар
21.11.2024

Alanda Clinic – заманауи медициналық мекеме. 2004 жылдың наурызында жұмысын бастаған клиника содан бері сапалы және қол жетімді медициналық көмек көрсететін сенімді орталық ретінде танылды. Қазір мұнда барлық хирургиялық бағыттар бойынша көмек көрсетіледі. Пациенттер үшін барлық жағдай жасалған.

Alanda Clinic-те жалпы хирургия, гинекология, урология, ортопедия, балалар хирургиясы, проктология, анестезия және реанимация, пластикалық хирургия, перзентхана, терапевтік, оториноларингологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыспен диагностика, рентгенология сияқты бөлімшелер жұмыс істейді.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында клиника медициналық орталық ашу үшін 2022 жылы «Қазақстан Халық Банкінен» жеңіл несие алды.

Alanda Clinic-те үнемі біліктілігін арттырып отыратын, медицинадағы соңғы жетістіктерді енгізетін тәжірибелі мамандар тобы бар. Заманауи жабдықталған Alanda Clinic хирургиялық бөлімшесі әртүрлі елдердің жетекші мамандары шеберлік сабақтарын өткізетін техникалық және кәсіби база болып отыр. Атап айтқанда, клиника базасында 2010 жылдың қыркүйегінде Cice халықаралық централапароскопиялық хирургиясының директоры (Клермон-Ферран, Франция) Реваз Бокоришвили «Лапароскопия негіздері, оның қауіпсіздігі. Лапароскопиядағы энергия. Жатыр патологиясы» атты халықаралық шеберлік сабағы жүрді. Alanda Clinic халықаралық конференцияларда де ел аузында. Мысалы: 2009 жылы мамыр, Монакода Экономикалық саладағы ынтымақтастықты нығайтудағы ерекше еңбегі үшін «Алтын Феникс» халықаралық құрметті сыйлығы, 2010 жылы наурызда Алматыда халықаралық іскерлік кеңесінің «Еуразиялық экономикалық кеңістіктің үздік компаниясы» дипломы тапсырылды.

Қарағанды қаласы, Пичугин көшесі, 243

Тел.: +7 (7212) 47-98-88, 47-98-89, 47-98-90

Instagram @alandaclinic_krg

Сайт: www.alanda-hirurgia.kz