menu
Жабу

Үй тоқыма бұйымдарының отандық көшбасшысы

Жаңалықтар
20.11.2024

«AZALA Textile» ЖШС – теңдесі жоқ сапалы өнімдері бар, Қазақстан мен одан тыс жерлерге тоқыма өнімдерін шығаратын отандық өндіруші. Кәсіпорын еліміздің жеңіл өнеркәсіп нарығында жетекші орынға ие болып қана қоймай, өз өнімдерін Балтық жағалауы елдеріне және басқа елдерге, соның ішінде көршілес елдерге сәтті экспорттауда.

Бұл атау бренд иесінің Айсұлу, Зере, Аружан, Ләззат және Айшабибі атты бес қызының есімдерінің бас әріптерінен құралған.

Шымкент қаласында орналасқан фабрика 2014-2015 жылдары «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алып, бизнесті кеңейтіп, бояу-әрлеу және тігін цехтарын қосты.

Компания сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына 2022 жылы қатысу арқылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан жұмыс киімдерін өндіруге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу үшін жылына 14,50%-бен қаржы алды, оның 8,50%-ын «Даму» Қоры субсидиялады.

Қазір «AZALA Textile» дайын маталар, түкті және вафли сүлгілері мен жаймалары, төсек-орын жиынтықтары, сондай-ақ сұр түсті жіптер мен маталар сияқты әртүрлі өнімдер шығарады. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Жылдың үздік өнеркәсіптік жобасы» аталымы бойынша «Алтын сапа» Ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

Компания Қазақстанда да, шетелде де «Қазақстанда жасалған» брендімен нарықтың жаңа сегменттерін дамытуды жалғастыруда.

Мекенжайы: Шымкент қ., Оразбаев көш., 62 ғим.

Телефон: +7-771-414-47-94

Инстаграм: @azalahome_kz