menu
Жабу

«BASECHEM» ЖШС химиялық заттар өндіреді

Жаңалықтар
20.11.2024

«BASECHEM» компаниясы 2016 жылы құрылды. Оған 2017 жылы «Ақтау теңіз порты» АЭА химиялық заттар шығаратын зауыт салу үшін 4 га жер бөлді. Зауыттың құрылысы 2023 жылдың соңында аяқталды. Қазір «BASECHEM» ЖШС сынақ өнімдерін шығарумен (ол отандық және шетелдік әлеуетті тапсырыс берушілерге жіберіледі), тиісті қазақстандық сертификаттарды (СТ КЗ), лицензияларды және т.б. ресімдеумен айналысуда. Зауыттың максималды қуаты - 20 000 тонна дайын өнім, ол фосфорорганикалық қышқылдар мен тұздар, деэмульгаторлар, коррозия ингибиторы, металды алдын ала өңдеуге арналған өнімдер, биоцидтер мен алгицидтер, H2S және меркаптан утилизаторлары, суды тазартатын өнімдер, поликарбон қышқылдары мен тұздар, аминдер, амидтер, имидазолиндер және төрттік қосылыстар негізіндегі қосылыстар, шаңды басатын химиялық заттар, полиалюминий хлоридін өндіреді.

Ақтау қаласында химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру және қоймалау жөніндегі базаны салуға және жабдықтарды сатып алу мақсатында зауыт «Қазақстанның Халық банкі» АҚ арқылы несие алды. «Даму» Қоры несиенің пайыздық мөлшерлемесін судсидиялау арқылы қолдау көрсетті.

Сайт: www.chem-invest.kz

Тел: +7 701 915 11 33

Ақтау қаласы, өндірістік база №5, №38/1 участкесі.