«Полимер-Пласт» ЖШС тарихы 1996 жылдан басталды. Кәсіпорын директоры Қасенғалиев Қайрат Наушанұлының айтуынша, пластик ыдыстар шығаратын кәсіп ашу идеясын оған достары ұсынған. Команда жиналды, үй-жай жалға алынды, қолдан құрал-жабдықтар сатып алынды. Достар ұсынған қарапайым идеядан, қарапайым бастамадан ірі кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастыққа дейін жеткен табысты бизнестің іргетасы осылай қаланды.
Кәсіпкер қаржылық қолдаусыз жұмыс істей алмайтынын о бастан-ақ түсінді. Осы мақсатта «Даму» Қорына жүгінді. Алғашқы несиесін 1998 жылы «Темірбанктен» алды. Қазір компанияға «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ қолдау көрсетуде. Банкпен ынтымақтастығы нақты нәтиже берді, құрал-жабдыққа да, айналым қаражатына да несие алды.
«Полимер-Пласт» ЖШС барлық өнімі сертификатталған.
«Кәсіпкер процеске араласып, жұмыстан ләззат алуы керек. Пайда тек материалдық қанағат қана емес, жағымды эмоциялар да беруі тиіс», - дейді Қайрат Наушанұлы.
Кәсіпкер өнімнің қаптамасы өз кәсібінің тұрақты бөлігі екенін, алдағы уақытта оның маңыздылығы арта түсетінін алға тартады. Өндірістің дамуы елдің және оның тұрғындарының экономикалық әл-ауқатына тікелей байланысты. Бұл жағдайларда бәсекелестік сөзсіз және кәсіпкердің пікірінше, бәсекелестік қажет және бизнестің өсуі мен дамуын ынталандырады. Кәсіпкер өз бизнесіне деген сүйіспеншілікті табысқа жетудің негізгі факторы деп санайды.
«Полимер-Пласт» ЖШС-нің тарихы қиын экономикалық жағдайда да табандылық және өз бизнесіне деген сүйіспеншіліктің табысқа жеткізетінінің мысалы.
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Астана қаласы,
Байқоңыр ауданы, Ақсай көшесі 11
Тел. 87017001222