20-22 қараша күндері Манила қаласында (Филиппин) Азия даму банкінің Азия және Тынық мұхиты аймағында шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты өсуі үшін экожүйе құруға арналған Asia small and medium-Sized Enterprise Monitor 2024 атты дәстүрлі семинары өтеді. Оған 200-ден астам қатысушы, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, орталық банк пен жеке сектор көшбасшылары және академиялық қоғамдастық өкілдері келген.
Семинар аясында «Даму» Қоры Басқарма төрағасының орынбасары Бақытжан Мақажанов белсенді ШОБ экожүйесін қалыптастыруға арналған сын-қатерлер мен саяси іс-қимылдарға арналған панельдік сессияда сөз сөйледі.
Өз сөзінде Бақытжан Мақажанов бизнестің тұрақты экожүйесін құру үшін қажетті түйінді сын-қатерлер мен іс-қимылдарды атап өтті, сондай-ақ өңірде орнықты өсімге қол жеткізу үшін қаржы даму институттарының бірлескен күш-жігері маңызды екенін де атап өтті.
АДБ жұмысының маңызды аспектісі –микро, шағын және орта кәсіпорындарды нақты деректер негізінде дамыту үшін пәрменді саясаттарды әзірлеудегі мүше елдердің қолдауы, сондай-ақ қаржылық инклюзия мәселелері бойынша жаһандық және өңірлік диалогқа жәрдемдесу.
«Даму» Қорының Азия Даму Банкімен ынтымақтастығы аясында 2011-2022 жылдар аралығында Қазақстанның ШОБ қолдау үшін 700 млн АҚШ долларынан астам АҚШ доллары игерілді, бұл өңірлік әріптестік пен кәсіпкерлікті тиімді қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.