«Жаңаталап кондитерлік өнімдері» наубайханасы — өз ісіне деген сүйіспеншіліктің, арманды табысты бизнеске айналдырудың жарқын мысалы. 2016 жылы негізі қаланған кондитерлік цех Эльмира үшін тек хобби болатын. Алайда, күн сайын оның әуестігі үлкен іске айнала бастады.
«Шебер болу үшін уақыт қажет, мен де басқа кәсіпкерлер сияқты көптеген кедергілерге тап болдым. Бірақ мен тоқтамадым, себебі өзімді қуанышқа бөлейтін іс мені одан сайын ынталандырды», — дейді Эльмира.
Отбасының қолдауымен ол тек кондитерлік өнімдер ғана емес, өнер туындыларын жасауды бастады. Әуестігін бизнеске айналдыру жолы күрделі әрі шешім қабылдауды талап етті. Эльмира бастапқы капиталды табудан бастап, қажетті рұқсаттар мен сертификаттарды алу жұмыстарына дейін барлық кезеңдерден өтті.
Табысты жолдағы маңызды кезеңдердің бірі — «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының қолдауы болды. 2021 жылы Эльмира «Банк ЦентрКредиттен» қаржы алып, заманауи жабдық сатып алып, бизнесін дамытты. Несие сомасының бір бөлігін «Даму» Қоры субсидиялады. Сонымен қатар, 2024 жылы Эльмира «Бірыңғай кешенді бағдарламасына» қатысу арқылы «Банк ЦентрКредиттен» жаңа жабдық сатып алу үшін де несие 21% пайызбен несие алды. Оның 13%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.
«Даму» Қорының қолдауы қаржылық жүктемені айтарлықтай азайтып, бизнесті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Эльмира өзінің табысының басты құпиясы: «сүйікті ісіңмен айналыссаң, табыс өзінен-өзі келеді» деген қарапайым ақиқатта жатыр деп есептейді. «Егер сенің жұмысың саған бақыт әкелсе және ниетің түзу болса, онда оны сенің клиенттерің де сезеді. Өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілік әр өнімді ерекше етеді», — деп сенеді кәсіпкер.
Бүгінде «Жаңаталап кондитерлік өнімдері» — бұл тек бизнес емес, мақсатқа ұмтылу, өз-өзіне сену және қиындықтарды жеңу арқылы үлкен нәтижеге жетуге болатындығын дәлелдейтін символ. Эльмира Исламкулова өз клиенттерін қайталанбас тәтті шедеврлермен қуанта отырып, әрбір кондитерлік өнімді тек десерт емес, шабытының бір бөлігі ретінде ұсынады.
Мекенжайы: Шымкент қ., Сайрам м/ауд., Ерімбетов көш., 38а, 26.
Телефон: +7 705 285 96 73