«АгроСтрой» компаниясы 8 жылдан бері топырақ өңдеп, шөп шабатын ауылшаруашылық агрегаттарын шығарады. Өнімдер қатарында тырма, ені 24 метрге дейін гидрленген БЗГ, бір және екі қатарлы соқалар, дискілі топырақ өңдеу техникасы да бар.
«АгроСтрой» кәсіпорнын 2011 жылы жеке кәсіпкер Лидия Швецова мен жұбайы жүк тасымалдау қызметтерін көрсету үшін құрған. 2014 жылдан бастап «Агрострой» ЖК ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді сата бастады, ал 2015 жылдан бастап жаңа бағыт - топырақ өңдеуге және пішен дайындауға арналған ауыл шаруашылығы құралдарын өндірге кірісті. Олардың қондырғыларының алғашқы үлгілері сұранысқа ие бола бастап, 2019 жылға қарай компания өнім түрлерін кеңейтті.
8 жыл ішінде «АгроСтрой» кәсіпорны ассортиментін ұлғайтты және өзін сапалы ауыл шаруашылығы техникасының отандық өндірушісі ретінде таныта алды. Компания өнімдеріне сұраныс артқан кезде қосымша жабдық сатып алу қажеттілігі туындады.
2022 жылғы желтоқсанда «АгроСтрой» компаниясы өндіріске жабдықтар сатып алу үшін «Банк Центр-Кредиттен» 21,75%-бен несие алды. «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие сомасының 50%-ына кепілдік беріп, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, қолдады. Қаражатқана кәсіпорын өндірістік станоктар сатып алды. Бұған дейін 2020 жылы «АгроСтрой» кәсіпорны «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында металды плазмамен кесу машинасын сатып алуға, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға жеңіл несие алған.
Осы қаражаттың арқасында кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтты және өнімнің өзіндік құнын төмендетті. Болашақта компания ауыл шаруашылығы саласы үшін энергия үнемдейтін құралдар шығармақ.
Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесі, 183Е
Телефон: 8 (7162) 72-16-21, 8-777-874-5551
e-mail: agroa2000@mail.ru
сайт: agrostroi03.kz
инста @agrostroi_