menu
Жабу

Кеңес ал!

«Даму» қорының қолдауы «Академ Строй» кәсіпорына табыс алып келді

Жаңалықтар
03.04.2025

«Академ Строй» ЖШС 2016 жылғы 27 желтоқсанда Орал қаласында құрылды. Бастапқыда кәсіпорын құрылыс саласында көпсалалы қызметпен айналысты. Атап айтқанда металлоконструкциялар салу, технологиялық, суытатын, ауа баптайтын жабдықтар жеткізіп, жөндейтін. Құрылыс саласында қызмет бастаған сәттен бастап, «Академ Строй» өңірдің құрылыс саласына сапалы шешімдер ұсыну арқылы жайлы микроклимат жасауға үлес қосуды мақсат етті.

Желдету және ауа реттейтін жабдықтар өндіруге кірісіп, нарықта өз орнын тапты. Осы жылдар ішінде «Академ Строй» жеке пәтерлер мен үйлерден бастап ірі өндірістік кәсіпорындарға дейін ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асырды.

Алайда, басқа да көптеген шағын және орта кәсіпорындар сияқты «Академ Строй» да табысқа жету жолында бірқатар қиындықтарға тап болды, оның ішінде өндірісті кеңейту мен модернизациялау үшін қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, сондай-ақ инновациялық технологияларды енгізу мен бизнес процестерін жетілдіру қажеттілігі туындады. Осы кезеңде кәсіпорын кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауына жүгінді.

Қордың қолдауымен кәсіпорын «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Біріңғай кешенді бағдарлама» бойынша субсидиялар мен «Даму» қорының кепілдіктерін пайдалана отырып, айналым қаражатын толықтыруға несие алды. Алғашқы пайыздық ставка 19,75%-ды құраған болатын, кейіннен «Даму» қорының субсидиясы арқасында ставка 11,75%-ға төмендеді, ал қарыз алушыға ұсынылған мқөлшерлеме 8%-ды құрады. Бұл инвестициялар кәсіпорынға өндірістік қуатын едәуір арттыруға, шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуға және тапсырыстарды орындау мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.

«Академ Строй» қорының қолдауымен ауқымды жобаларды жүзеге асырып, нысандарды модернизациялауды және жаңа бизнес бағыттарын дамытуда үлкен жетістіктерге жетті. Кәсіпорын инновациялық технологияларды енгізуге және өнімнің сапасын жақсартуға ерекше назар аударды, бұл оның желдету жүйелері мен климаттық жабдықтар нарығында жетекші орын алуға мүмкіндік берді.

«Академ Строй» кәсіпорынның табысты тарихы — мемлекеттік қорлардың қолдауы мен кәсіпкерлік рухы арқылы барлық қиындықтарды жеңіп, елеулі нәтижелерге жетудің жарқын мысалы. Кәсіпорын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен болашақта амбициялық жоспарларын жүзеге асырып, жаңа технологияларды енгізіп, жұмыс сапасын арттыруды жалғастыратынына сенімді. 

Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, К.Аманжолов көшесі, 98 үй

Тел.: + 7 708 434 36 90

сайт: akademstroy.kz