Кеңес ал!
Болатбай Кезбаевтың білім саласында көп жылдық тәжірибеcі бар. Ол өз қызметін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін аудандық білім бөлімі мен тест орталығының басшысына дейін көтерілді. Болатбай Сайлаубайұлы 2021 жылы мектеп ашуды ұйғарды. Оған ауылдық жерлерде үш ауысыммен оқу проблемасы түрткі болды. Ол мектеп ашқанға дейін Мұнайлы ауданында балалар үш ауысыммен, әр сыныпта 30-35 баладан оқитын. Осы мәселені шешуге елеулі үлес қосқан педагог ауыл балаларына сапалы білім беру мүмкіндігін ұсынды.
Алғаш мектеп ашылған кезде олар инновациялық оқу әдістерін енгізуге назар аударды. Мектеп дәстүрлі әдістермен шектеліп қалмай, заманауи әдістемелерді қолдана отырып, шығармашылық пен жобалық оқытуды біріктірді. Осы процесте көптеген жаңашылдықтар енгізілді. Мысалы, мектепте STEAM бағдарламасы (Ғылым, Технология, Инженерия, Өнер және Математика) әзірленіп, оқушылар ғылыми жобаларға белсене қатысты. Оқушылар республикалық және облыстық байқауларда бірнеше рет жеңімпаз атанып, олардың шығармашылық қабілеттері жоғары бағаланды. Осы барлық жетістіктер — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған күш-жігердің нәтижесі. Болатбай Кезбаев осы мектептің үлкен жетістіктерге жетуіне күш салды.
Мектеп мұғалімдері де елеулі жетістіктерге жетті. Мектептің атқарушы директоры «Director’s CUP» дебат турнирінің жеңімпазы атанды. Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары «1000 көшбасшы» кадрлар резервіне еніп, республикалық «Педагогикалық идеялар» фестивалінде екінші орынға ие болды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі облыстық «Педагогикалық идеялар» фестивалінде екінші орын алды. Мектептің жетістіктерінің негізі оның принциптері мен құндылықтарында жатыр. Мектеп оқушыларға тек теориялық білім ғана емес, қазіргі заманда қажетті практикалық дағдыларды да үйретіп, оларды жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.
2023 жылы қосымша 13 сынып ашу мақсатында мектептің ғимаратын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл жоба«Банк ЦентрКредит» АҚ қолдауымен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында жүзеге асырылды. Несие мөлшерлемесі жылдық 20,75%-ды құрады, оның 7%-ын кәсіпкер төлесе, 13,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.
Ақтау қаласы, 32Б шағын аудан, №15/1 аумақ.
Телефон: +7 702 921 69 65
Instagram: iq_mektep_aktau