Кеңес ал!
«Авиценна-А» 2010 жылы дәрігер-уролог Одилбек Усманкуловтың бастамасымен Түркістан облысы Икан ауылында жеке медициналық көмек көрсеетін кабинет практика ретінде ашылған. Уақыт өте келе, сапалы медициналық қызметке деген сұраныстың артуын ескере отырып, қызмет түрлерін кеңейтіп, жаңарып, ірі клиникаға айналды.
Қазір уақытта бұл көпсалалы орталық, кардиология, гинекология, урология, эндокринология, офтальмология және диагностика салаларында қызмет көрсетеді. Заманауи жабдықтар, 5200 м² аумақ және 41 маманнан тұратын команда жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Медициналық орталықты жаңарту үшін «Авиценна-А» «Қазақстан Халық Банкі» арқылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында қаржы алды. Бағдарлама шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 21%-дан 15%-ға дейін төмендеді, бұл ғимаратты қайта жаңарту, жабдық сатып алу және пациенттер үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
Клиника әлі де дамып келеді, цифрлық технологияларды енгізіп, қызмет түрлерін кеңейтіп жатыр. Медициналық орталықтың басшысы инновациялар мен жоғары стандарттардың болашақтағы табыстың кепілі екеніне сенімді.
– «Мемлекеттік қолдау біздің клиниканы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Келесі қадам – сандық технологияларды енгізу және жаңа бағыттарды дамыту», – дейді ол.
Түркістан облысы, Сауран ауданы, Икан ауылы, Шолпан көшесі, 1А үй
Телефон: +7 705 738 8338