Кеңес ал!
Қазір жекеменшік клиникалар денсаулық сақтау жүйесінде маңызды рөл атқарады. Өте жайлы, әр пациентке жеке назар аударады және заманауи технологиялармен жұмыс істейді.
Былтыр Атырау қаласында осындай «Green Vita Clinic» медициналық орталығы ашылды. Онда ересектер мен балаларды ауруханаға жатқызбай-ақ емдеп, диагностикалап, алдын алу қызметтері көрсетіледі.
Клиниканың негізгі бағыты – созылмалы ауруларды емдеу, аурудың алдын алу және қалпына келтіру секілді денсаулықты түзеудің кешенді тәсілдерін қамтиды.
Таңдаулы мед персонал, арнайы жабдықтар, инновациялық әдістемелер, жаңа технологиялар күрделі ауруды бастан өткерген пациенттерді аяққа тұрғызуда барлық жағдай жасайды.
Медициналық қызмет көрсету сапасына, қызметкерлердің кәсібилігіне және диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға ерекше назар аударылады. 25 жұмыс орны ашылған.
Пациенттер: терапия, педиатрия, хирургия, неврология, эндокринология, дерматовенерология, урология, гинекология, кардиология, офтальмология, отоларингология, зертханалық диагностика бөлімшесі, және «DAUMED» бірыңғай жүйесі арқылы консультация ала лады.
«Green Vita Clinic» ЖШС медициналық орталық ашуға «Банк Центр Кредит» АҚ 19,25%-бен несие берді. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 10,25%-ын мемлекет төлейді, ал 9% айырмашылықты компания төлейді.
Атырау қаласы, Абай көшесі, 23-үй
тел: +77756140755
инстаграм: @greenvita.clinic
www. greenvita.kz