Кеңес ал!
Семейдегі «Росток» шағын орталығы – балалар мектепке дейін білім мен тәрбие алатын жер ғана емес. Бұл – бір ананың басқа отбасылар мен балалалары үшін жақсырақ жағдай жасап, ол үшін жақсырақ жұмыс істегісі келгенінің арқасы. Орталықтың негізін қалаған Әсел Құлжамбекова — бес баланың анасы. 2013 жылы баласына мектепке дейінгі орталық іздегенде ойынан шығатын жер таба алмады.
Ол кезде қалада бірде-бір жекеменшік дамыту орталығы болмаған. Балаларды ерте бастап мектепке даярлаудың қаншалықты маңызды екенін түсінген Әсел алғашқы шағын орталық ашу туралы батыл шешім қабылдады. Іс қарапайым басталды. Шағын оқу бөлмесі, алғашқы топ, зор мотивация және іске деген сүйіспеншілік. Табандылықтың, ынта-жігердің және отбасының қолдауының арқасында шағын орталық тез дамыды. Көп ұзамай «Росток» кең ғимаратқа көшіп, төрт топтан тұратын толыққан балабақшаға айналды.
Орталықты дамыту жолындағы басты қиындықтардың бірі – білікті мамандар болмауы еді. Алайда «Росток» командасы бұдан да жол тапты. Педагогтар Алматыда оқу оқып, кәсіби деңгейін арттырып, өз мамандығы аясында білім жетілдірді.
Уақыт өте келе орталыққа тілі шықпаған, дамуы кешеуілдеген балалар жүгіне бастады. Бұл Әселге сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға көмек көрсетуге, қосымша арнайы орталық ашуға түрткі болды. Жаңа жоба инклюзив білім беру ортасын құру жолындағы маңызды қадам болды.
Жаңа орталық ашу үшін кәсіпкер «Нұрбанктен» несие алып, «Даму» Қорыныңқолдауымен «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында қарызын субсидиялап, түпкілікті мөлшерлемені 9%-ға түсірді. Ол инфрақұрылымды кеңейту, қосымша мамандар тарту және көп бала қамтуға мүмкіндік берді.
Қазір «Росток» шағын орталығы — балалардың талантын ұштап, қабілетін дамытып, ата-аналарға сәбилерінің болашаққа сеніммен қадам басуына көмектесетін заманауи білім орны. Әсел Құлжамбекованың оқиғасы – ізгі бастама, балаларға деген сүйіспеншілік және іске деген сенім бүкіл қоғамды қалай өзгерте алатындығының мысалы.
+7 (747) 777 97 99
Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 14А
@rostok.semey