info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қордың дамуының негізгі кезеңдері

Біз туралы

Қордың дамуының негізгі кезеңдері

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (одан әрі – «Даму» Қоры/ Қор) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.04.1997 ж. №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған [1].

2001 ж. дейін Қор отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету жөніндегі шаралар бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджет қаражаттарының пайдаланылуын, сондай-ақ Еуропақайта құру және даму банкі мен Азия даму банкінің несие желілері бойынша есепке алу және бақылау агентінің қызметтерін атқарды.

2002 ж. бастап Қор шағын бизнесті өзінің тікелей жеке қаражаттарының есебінен несиелеуді бастады. «Даму» Қоры «Республикалық бюджет қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бағдарламасы» және «2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасын» іске асырды.

2005 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Үкіметі«ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жылдамдатылған шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын» қабылдады. Бұл бағдарламаға сәйкес, 2005-2007 жылдар ішінде Қор жобалық қаржыландыру және лизинг бағдарламаларын, Қазақстанда шағын несиелеу жүйесін дамыту бағдарламасын, ШК субъектісіне берілетін, екінші деңгейдегі банктерден (одан әрі – ЕДБ) алынатын несиелерді кепілдендіру бағдарламасын іске асыру арқылы шағын кәсіпкерлікті (одан әрі – ШК) қолдауды жүзеге асырды.

2006 ж. қыркүйегінен бастап «Даму» Қоры «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ акционерлік холдингінің құрамында жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 22.05.2013 ж. №571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» жарлығына сәйкес, «Даму» Қорының 100% акциялары «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (одан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) табысталды. Бұл Жарлық шыққанға дейін «Даму» Қорының 100% акциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ына (одан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) тиесілі болды және 28.12.2011 ж. бастап Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігінің, ал 10.04.2013 ж. бастап Қазақстан Республикасының өңірлік даму Министрлігінің сенімгерлік басқаруында болды. Қазіргі уақытта Қордың жалғыз  акционері - «Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ.

2007 жылдың соңынан бастап Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тұрақтандыру бағдарламасының қаражатын шарттастырылған түрде орналастыру операторының функцияларын атқарып келеді.

2010 ж. бастап «Даму» Қоры кәсіпкерлердің несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың және банктердің алдында кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендірудің қаржылық агенті болып табылады, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының (одан әрі – «БЖК 2020» бағдарламасы) аясындағы оқыту және кеңес беру бағдарламаларының операторы қызметін атқарады.

2015 ж. бастап «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасының аясында қаржылық қолдаудың іске асырылуын және мониторингін (кәсіпкерлердің несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және банктердің алдында кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру) жүзеге асыратын қаржылық агент болып табылады.

2012-2014 жж. барлық облыс орталықтарында және Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларында  Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 18 орталық, сонымен қатар Кәсіпкерлекті қолдаудың мобильді 14 орталығы құрылды.

«Даму» Қорының филиалдары Қазақстанның барлық аумақтарында жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және биліктің жергілікті атқарушы органдарымен жұмыс істеуде айтарлықтай тәжірибесі бар. 


[1] Қордың бұрынғы атауы: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ