шектеусіз
инвестиция; айналым қаражатын толықтыру
5 жылға дейін
13,25%
Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі
Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім
беріңіз
Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдік
қарастыру
Бізге сенеді. 17 000-нан астам жоба "Даму" Қоры арқылы субсидияланды
Қатысушылар |
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (шағын, орта және ірі бизнес) |
||||
Сыйақы мөлшерлемесі |
ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі + 4,5%, |
||||
Агроөнеркәсіптік кешендегі, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі қайта өңдеу бойынша субсидиялау мөлшері |
ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесіне + 4,5% оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді. |
||||
Жұмсау мақсаты |
Инвестициялар және айналым қаражатын толықтыру. Айналым қаражатын жаңартылатын негізде толықтыруға жол беріледі |
||||
Борышкердің қолына тиетін максимал сома |
Шексіз* |
||||
Субсидия мерзімі |
инвестицияға – 5 жыл. Субсидия мерзімін әрі қарай созу мүмкіндігінсіз |
||||
АҚТ – 3 жыл. Субсидия мерзімін әрі қарай созу мүмкіндігінсіз |
|||||
Несиені қайта қаржыландыру Қолда бар несие |
санкцияларға ұшыраған банктер/лизингтік компаниялар берген, бұрын мақұлдаған және Механизм шарттарына сәйкес келетін несиелер қайта қаржыландырылады. Бұл ретте қайта қаржыландыру банк/лизингтік компаниялардың жеке қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер берген кредиттерге жол беріледі |
||||
* АӨК-дегі қайта өңдеу, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер бойынша жобаға 10 миллиард теңгеден астам сомаға несие /лизинг берілген жағдайында тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң шешімі қажет *Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің/лизингтің ең жоғары сомасы 5 млрд. теңгеден аспайды
|
Мақсаты | облыс орталықтарында салынатын және әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1 000 (мың) қонақ үй объектілері бар халықаралық қонақ үй желілерінің қонақ үй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын "3", "4" және "5" жұлдызды жаңа қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жабдықтармен жарақтандыру | ||||
Шарттары |
- несие сомасы – 5 млрд тг дейін;
- субсидияланатын бөлігі – жылына 11,25%; - субсидия мерзімі – 7 жылдан аспайды |
||||
ЭҚЖЖ | 5510 "Қонақүйлер мен соған ұқсас орын ұсынатын жатын үйлерде қызмет көрсету" |
1. Кәсіпкер Банк/Лизинг компаниясына қаржыландыру туралы өтінім алып келеді.
2. Банк/ЛК жобаның қаржылық және экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. Оң шешім қабылданған жағдайда, Банк/ЛК Кәсіпкерге жобаны қолдауға дайын екендігі туралы жазбаша жауап береді.
3. Кәсіпкер «Даму» АҚ-на арнайы өтініш формасын толтырып, құжаттарын өткізеді. «Даму» Қоры жобаның «Агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу», «Өңдеу өнеркәсібі» және «Қызмет көрсету» салалары бойынша іріктеуден өткізеді.
4. Жоба осы аталған салаларға сәйкес келген жағдайда, «Даму» АҚ уәкілетті органы қарастырады.
5. Кәсіпкер-Банк/ЛК-Қор арасында сала бойынша үшжақты шарт жасалады.
* Ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы орган
Кәсіпкер «Агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу», «Агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріс», «Өңдеу өнеркәсібі» мен «Қызмет көрсету» сала бойынша ЛК/банкке қаржы сұрап өтінім беріп, субсидиялау тәртібінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
2. Жобаны банк/ЛК мақұлдаған жағдайда тиісті құжаттар «Даму» Қорына жолданады. Банктің несие комиссиясының шешімі аталған құжаттармен бірге жөнелтіледі.
3. «Даму» Қоры банктен келіп түскен құжаттардың Механизмге сай келу-келмейтінін қарастырады. Сәйкес келген жағдайда тиісті орталық салалық уәкілетті органға салалық шешім беру үшін ұсынылады.
4. Салалық шешім тиісті органнан 10 (он) жұмыс күні ішінде келеді.
5. «Даму» Қоры «Агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу», «Өңдеу өнеркәсібі» мен «Қызмет көрсету» саласындағы жобаларды субсидиялау туралы шешім қабылдайды.
* Ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы орган