В Кызылорде начался прием заявок на участие в проекте «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды»

Анонсы
07.06.2016

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары! «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлік бастамасын қолдауға бағытталған «Жұлдыздарға қара»-«Посмотри на звезды» жобасына өтінім қабылдауды бастағандығын хабарлайды. Жобаны «Даму» Қоры мен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры бірлесе жүзе асырады. Өз бизнес-жобаңызды жүзеге асыруға 100 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін қайтарымсыз грант жеңіп алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Жобаға мүгедектігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген

Құжатпен расталған іс бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады.

Өтінімдер 1-30 маусым аралығында Даму Қорының Кәсіпкерлерге ҚызметКөрсету Орталығында қабылданады. Өтінім үлгісі және оны толтыру тәртібі, жобаға қатусы үшін тапсырылатын құжаттар пакетінің тізімі www.damu-komek.kz и www.kuszholy.kz. сайттарында орналастырылған.

Біз сіздерді келесі мекен-жайда күтеміз: Қызылорда қаласы, ул.И.Журба көшесі, 12, Даму Қорының Кәсіпкерлерге Қызмет Көрсету Орталығы.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефонға хабарласуыңызды сұраймыз:

8-(7242) 55 11 18 , электронды мекен-жай: damu@list.ru.