info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

С 1 июня по 1 июля в Костанайской области ведется прием заявок на благотворительный конкурсный Проект «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды»

Анонсы
07.06.0201

Жоба «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ пен «Құс жолы қайырымдылық қоры» серіктестігімен бірлесіп жүзеге асырылады.

Жоба мақсаты:

мүмкіндігі шектеулі адамдардың кәсіпкерлік әрекетін ынталандыру жолымен Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау.

Мүгедектерге жүйелік қолдау көрсету;

Мүгедек-кәсіпкерлерді қолдау;

Мүгедектерге көрсетілетін қолдаудың тиімділігін көбейту.

Байқауға қатыса алады: Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген құжаттармен расталған мүгедектік тобы бар, 18 жасқа толған және одан жоғары, кәсіпкерлікті бастаған немесе әрекет ететін, қоғамда және отбасында кәсіпкерлік әрекетпен айналысу жолымен жеке және кәсіби жүзеге асу үшін өз дағдыларын, білімін, тәжірибесін қолдануға ынтасы бар Қазақстан Республикасы азаматтары.

Грант мөлшері: сұранымда көрсетілген және сұраным берушінің бизнес-жобасымен дәлелдненген мақсатқа тәуелді 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды.

Өткізілу толық шарты бойынша, сұраным нысаны және қажетті құжаттар тізімімен www.d amu-komek.kz немес www.kuszholy.kz сайттарында танысуға болады.

Сұраным 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады:

Қостанай қ., Әл-Фараби, 65 «Бизнес-Орталық» - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 1 және 2 , сағ. 09.00 бастап сағ.18.00 дейін. тел: 8(7142) 99-03-00, 54-15-83, факс: 53-23-98, e-mail: Elena.Oganova@fund.kz, Assel.Kazakova@fund.kz