«Даму» Қорының Павлодар облысы бойынша аймақтық филиалы «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы бойынша өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
Жоба ҚР жоғары оқу орындарында оқитын 18-29 жас аралығындағы студент жастардың кәсіпкерлік талабына қолдау білдіріп, олардың кәсіпкерлік және тұлғалық қабілеттерін қалыптастырып, өз бизнесін ашып, әрі қарай жүргізіп кетуіне жағдай жасауды көздейді.
Жобаның негізгі мақсаты – студент жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттап, іс бастаймын деген жастар мен ісін жаңа бастаған бизнесмендердің кәсіпкерлік құзіретін көтеру болып табылады.
Өтініштерді беру мерзімі: 30.06.2016 ж.
Мекен-жайы: Короленко көшесі 109. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығының ғимараты, Павлодар облысы.
Тел.: 8 701 578 47 15, 87182 208 359