17 января в Кызылорде пройдет семинар «Поддержка ТехноЛизинга – технология успеха!»

Анонсы
13.01.2017

17 қаңтарда «Даму» Қорының Қызылорда қалалық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Технолизинг қолдауы – табыс технологиясы» тақырыбында кәсіпкерлерге арналған семинар өтеді. Семинар лизинг бойынша қызмет көрсетуші әмбебап, әрі динамикалық дамушы «ТехноЛизинг» ЖШС компаниясының Қызылорда облысында аймақтық филиал ашу іс-шарасы аясында ұйымдастырылады.

  • Семинар бөлімдері:
  • Өндірістік қондырғыларды лизингтік несиелеудің шарттары;
  • Лизинг өнімдері: ауылшаруашылығы техникасы, көлік құралдары, арнайы техника, медициналық қондырғылар
  • Шетелден техника мен құрылғыларды лизингке алудың тиімділігі;
  • Пайыздық үстемені «БЖК-2020» БҚДББ аясында сусидиялау;
  • Сұрақ-жауап.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Журба көшесі 12 үй, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Конференц-зал

Өткізілетін күні мен уақыты: 17 қаңтар 2017 жыл, басталуы сағат 15:00-де.

Қосымша ақпарат келесі телефондар бойынша: +7 7242 551118, +7 702 1219483.