В Астане начался прием заявок на участие в проекте «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
26.01.2017

Астана қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша өтініштер қабылдай бастады. Кәсіпкерлер құзіретін арттырудың біріңғай бағдарламасы аясында басталған бұл жобаға ҚР 18 жасқа толған, бизнес-идеялары бар азаматтар қатыса алады.

Жоба стартап жоба құруға жеткілікті болатын құзірет қалыптастырып, дамыту үшін азаматтардың кәсіпкерлік дағдыларын ұштауды көздейді. Сондай-ақ бұл дағдылардың болашақта жемісті бизнеске айналуына қолдау көрсетіп, осы іс бастаған кәсіпкерлерді қаржы көздеріне жақындатуды да мақсат тұтқан.

Жоба аясында «Кәсіпкерлікке кіріспе», «Кәсіпкерлік психологиясы», «Кәсіпкерліктің заңдық және қаржылық тетіктері», «Менеджмент», «Маркетинг», «Бизнес-жоспарлау» секілді бірқатар тақырыптар бойынша үш күндік тегін оқу қарастырылған.

Өтініш «Даму» Қорының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) қабылданады. Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Қажымұқан көш. 8а. 1-қабат, тел. 559434, 559439, Zamzagul.Khamzina@fund.kz, dana.tauipbayeva@fund.kz.