В Кызылорде 2 февраля пройдет семинар «Экспортно-кредитная поддержка товаров и услуг»

Анонсы
27.01.2017

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму» Қоры «Экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы «КазЭкспортГарант» Акционерлік қоғамымен бірлесіп Екінші деңгейлі банк өкілдеріне, экспорттаушы және өндіріс кәсіпорындарына арналған семинар өткізеді.

Семинар барысында қатысушыларға КазЭкспортГарант өкілдері келесі инновациялық бағыттар бойынша ақпарат береді:

Экспорттаушының несиесін сақтандыру;

Экспорттаушыны экспорт алды қаржыландыру;

Экспорттық сауданы қаржыландыру;

Несиені сақтандыру, соның ішінде банкаралық несиелер;

Банктік кепілдікді сақтандыру;

Құжаттамалық аккредитивтерді сақтандыру;

Өндіріс құралдарын импорттауды сақтандыру;

Аванстық төлемдерді сақтандыру;

Қазақстан Республикасының инвестицияларын сақтандыру.

Сонымен қатар,семинар қатысушыларына «Даму» Қорының кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламаларына қатысу шарттары түсіндіріледі.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі 12, КҚКО ғимараты, конференц-зал.

Өткізілетін күні мен уақыты: 2 ақпан, сағат 11.00

Толық ақпарат алу немесе семинарға қатысуға өтiніш беру үшін мына телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: .+7 7242 551118.

Электронды адрес: damu@list.ru.