Кызылординский филиал Фонда «Даму» начал прием заявок на обучение «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
31.01.2017

Қызылорда қаласының Кәсіпкерлеге қызмет көрсету орталығында «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды.

Іс-шара мақсаты: бастауыш кәсіпкерлердің өз бизнесін бастау мен кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу бағытында білімдерін арттырып, машықтандыру болып табылады.

Жоба аясында қатысушыларға Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тарапынан кеңестік-практикалық сүйемелдеу қызметі көрсетіледі:

  • Бизнес-жоспар жасауға жәрдемдесу;
  • ШОБ субъектісі ретінде тіркелуге көмектесу;
  • Бизнес жүргізу сұрақтары бойынша кеңес беру;
  • «Даму» Қорының қаржылық қолдау құралдарына қатысуға өтінім беру мен құжаттар жинақтауға атсалысу және т.б.

Жобаға ҚР 18 жасқа толған, бизнес-идеялары бар азаматтар қатыса алады.

Өтінімдер 10 ақпанға дейін қабылданады.

Нақтырақ ақпаратты алу және жобаға қатысуға тапсырыс беру үшін мына мекен жай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Қызылорда қ., И.Журба көшесі, 12 - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 1-қабат, 09.00-ден 18.00 дейін, анықтама телефоны: + 7 7242 551118.