В ЦОП гг. Шымкент и Туркестан открыт прием заявок на участие в проекте «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
01.02.2017

Ақпан айынан бастап Шымкент және Түркістан қалаларындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында бастаушы кәсіпкерлер үшін «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» Жобасының семинар-тренингіне өтінім қабылдау басталды

Кәсіпкерлер құзіретін арттырудың біріңғай бағдарламасы аясында басталған бұл жобаға ҚР 18 жасқа толған, бизнес-идеялары бар азаматтар қатыса алады.

Жоба стартап жоба құруға жеткілікті болатын құзірет қалыптастырып, дамыту үшін азаматтардың кәсіпкерлік дағдыларын ұштауды көздейді. Сондай-ақ бұл дағдылардың болашақта жемісті бизнеске айналуына қолдау көрсетіп, осы іс бастаған кәсіпкерлерді қаржы көздеріне жақындатуды да мақсат тұтқан.

Жоба аясында «Кәсіпкерлікке кіріспе», «Кәсіпкерлік психологиясы», «Кәсіпкерліктің заңдық және қаржылық тетіктері», «Менеджмент», «Маркетинг», «Бизнес-жоспарлау» секілді бірқатар тақырыптар бойынша үш күндік тегін оқу қарастырылған.

Біздің мекен-жайымыз:

Шымкент қ., «Даму» Қорының КҚКО, Байтурсынов к-сі, 88 В, «Онкология» аялдамасы.

Түркістан қ., «Даму» Қорының КҚКО, Қожанов к-сі, 7

Өтінім қабылдау: сағат 09.00.-18.00, үзіліссіз.

Назарларыңызға, «Даму» Қорының КҚКО-ға өтініш бергендер ғана қатыса алады.

Қосымша ақпараттар: 8/7252/29-48-11, 8-702-105-90-15